• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №607

258 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 15 тамыз  Астана қаласы Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетуге тыйым салуды енгізу туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ шарттың 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4101) әкетуге 2016 жылғы 1 қарашадан бастап алты ай кезеңге тыйым салу енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов): 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы; 2) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын; 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіпте қажеттілігі туралы: Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етсін; Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағында осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараны енгізуі туралы ұсынысты енгізсін. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А.РАУ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі _________________А. Мырзахметов 2016 жылғы 6 қыркүйек «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________________ Б. Сұлтанов 2016 жылғы 2 қыркүйек «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________________Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 23 тамыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі _________________Е.Ыдырысов 2016 жылғы 15 қыркүйек Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 17 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14332 болып енгізілді.